3 күн бұрын
Анна Данилина WTA-ның арнайы жүлдесіне үміткер атанды
Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге WTA Awards 2026 сыйлығының Fan Favorite Doubles номинациясына ұсынылды.
Бұл аталымның жеңімпазы жанкүйерлердің ашық дауыс беруі арқылы анықталады. Дауыс беру WTA-ның ресми сайтында 7 желтоқсанға дейін жалғасады.
Данилина мен Крунич биылғы маусымда Дохадағы WTA 1000 турнирінде чемпион атанып, Australian Open, «Ролан Гаррос» және Индиан-Уэллс жарыстарының финалына дейін жетті.
Маусым қорытындысы бойынша қазақстандық-сербиялық жұп WTA қорытынды турниріне жолдама алды. Алайда Александра Крунич US Open кезінде тізесінен жарақат алып, дуэт жарысқа қатыса алмады.
Айта кетейік, Анна Данилина 2026 жылғы маусымды жұптық әлемдік рейтингте жетінші орында аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz