2 күн бұрын
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионатында бақ сынайды
Түркияның Ыстанбұл қаласында үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы сапында Алан Құрманғалиев ел намысын қорғайды.
Қазақстандық спортшы үш бағдарлама бойынша өнер көрсетеді. Ол жекелей сында, жұптық және аралас жұптық бәсекелерде жүлделі орындар үшін сынға түседі.
Жұптық сында Алан Құрманғалиев Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетсе, аралас жұпта мысырлық Хана Годамен тандем құрады.
Биылғы әлем чемпионатына әлемнің 50 елінен келген спортшылар қатысады. Олар U15 және U19 жас санаттарында 14 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Айта кетейік, әлемдік дода жасөспірімдер мен жастар арасындағы халықаралық жарыстардың маңызды кезеңдерінің бірі саналады. Бұл чемпионатта қатысушылар жекелей шеберлігін ғана емес, жұптық бәсекедегі үйлесімділігін де көрсетуге мүмкіндік алады.
Біздің серіктес: Sport12kz