7 сағат бұрын
Жібек Құламбаева Чилидегі WTA 125 турнирінің чемпионы атанды
Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен бірге Чилидің Колина қаласында өткен WTA 125 турнирінде жеңіске жетті.
Финалда екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-словениялық жұп жарыстың басты фавориттері – украиналық Валерия Страхова мен ресейлік Анастасия Тихонованы 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.
Осылайша, Құламбаева мен Эрьявец турнирдің чемпиондық атағын иеленді. Бұл жеңіс қазақстандық теннисшіге жұптық сында 125 рейтингтік ұпай әкеледі.
Жаңартылған рейтингте Жібек Құламбаеваның әлемнің 78-ракеткасы атануы күтілуде. Бұл оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш болмақ.
Біздің серіктес: Sport12kz