6 сағат бұрын
Бублик маусымды әлемдік рейтингте нешінші орынмен аяқтады?
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) Туринде (Италия) өткен қорытынды турнирден кейін жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстандық Александр Бублик маусымды 25-орынмен аяқтады.
Рейтингтің бірінші сатысында Германия өкілі Александр Зверев қалды. Екінші орынға италиялық Янник Синнер жайғасса, үздік үштікті қорытынды турнирдің жеңімпазы, испаниялық Карлос Алькарас түйіндеді.
Франциялық Артур Фис бір саты жоғарылап, алтыншы орынға көтерілді. Ал италиялық Флавио Коболли жетінші орынға сырғыды.
Еске салайық, ATP қорытынды турнирінің финалында Карлос Алькарас Александр Зверевті 6:2, 7:6 есебімен жеңген болатын.
Қазақстандық теннисшілер арасында Александр Бублик 25-орында тұр. Ол Алматыдағы турнирден кейін маусымды мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Александр Шевченко екі саты төмендеп, 102-орынға түсті. Ал Тимофей Скатов 193-орыннан 194-сатыға сырғыды.
Біздің серіктес: Sport12kz