5 сағат бұрын
Екі турнирде топ жарған Құламбаева рейтингте жоғарылады
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева WTA жұптық рейтингінде сегіз сатыға жоғарылап, 78-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Соңғы екі аптада Жібек Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен бірге Оңтүстік Америкада өткен WTA 125 санатындағы екі турнирде жеңімпаз атанды. Олар алдымен Колумбияның Сопо қаласында, кейін Чилидің Колина қаласында топ жарды.
Осы нәтижелердің арқасында Құламбаева рейтингте сегіз орынға көтерілді. Ал оның жұптағы серіктесі Вероника Эрьявец бірден 19 сатыға жоғарылап, 105-орынға жайғасты.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы мәртебесін жетінші орында тұрған Анна Данилина сақтап қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz