1 күн бұрын
Қазақстандық теннисші әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Осылайша, ол кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді.
Ыстанбұлда (Түркия) өтіп жатқан әлем біріншілігінде Құрманғалиев жұптық сында ирандық Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетіп жатыр.
Олар ширек финалда Үндістан өкілдері Абхинандх Прадхивади мен Приянудж Бхаттачарьяны 3:2 есебімен жеңді.
Енді қазақстандық-ирандық жұп финалға шығу үшін Оңтүстік Корея өкілдері Ким Дэхван мен Ли Хёнхоға қарсы ойнайды. Кездесу 26 қарашада өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz