3 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші әлем чемпионатында жеңіліп қалды
Қазақстандық Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатының жекелей сынында жарысты аяқтады.
Отандасымыз 1/16 финалда Австралия өкілі Чулун Неумен кездесіп, жеті партияға созылған тартысты матчта 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Құрманғалиев 3:2 есебімен алға шыққанымен, соңғы екі партияда қарсыласына есе жіберді. Кездесу 9:11, 11:6, 11:9, 8:11, 11:9, 3:11, 3:11 есебімен аяқталды.
Дегенмен қазақстандық спортшы жұптық сында әлем чемпионы атану мүмкіндігін сақтап қалды. Ол ирандық Беньямин Фараджимен бірге жартылай финалға жолдама алған. Олар бұған дейін Үндістан жұбын 3:2 есебімен жеңіп, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетейік, финалға шығу үшін Құрманғалиев пен Фараджи Оңтүстік Корея өкілдері Ким Дэхван және Ли Хенхомен кездеседі. Жартылай финалдық матч 26 қарашаға жоспарланған.
Біздің серіктес: Sport12kz