13 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші әлем чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді
Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл – отандық үстел теннисі тарихындағы маңызды жетістіктердің бірі.
Түркияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде отандасымыз Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге жұптық сында өнер көрсетті. Олар жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесіп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанған. Сол кезде ол аралас жұптық сында чемпион атанып, жекелей сында қола медаль иеленген.
Біздің серіктес: Sport12kz