Матч орталығы
КХЛ Хоккей СКА СКА 6:1 Аяқталды Салават Юлаев Салават Юлаев КХЛ Хоккей Нефтехимик Нефтехимик 4:2 Аяқталды Барыс Барыс А сериясы Футбол Удинезе Удинезе 1:0 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Чемпионшип Футбол Суонси Суонси 3:0 Аяқталды Кардифф Кардифф Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 1:1 Аяқталды Ливерпуль Ливерпуль Франция кубогы Футбол Бялинге ИФ Бялинге ИФ 0:4 90+7 Oberlauterbach Oberlauterbach Франция кубогы Футбол RC Chambery RC Chambery 0:1 90+7 Лес Генетс Данглет Лес Генетс Данглет Франция кубогы Футбол Saint Paul en Jarez Saint Paul en Jarez 1:0 Аяқталды Шасье Десин Шасье Десин Франция кубогы Футбол Лез-Юлис Лез-Юлис 1:0 90+7 Лина-Монлери Лина-Монлери Франция кубогы Футбол Union Rochefortoise Union Rochefortoise 1:4 Аяқталды Стад Борделе Стад Борделе Франция кубогы Футбол Kellermann Kellermann 0:0 74 Сошо Сошо Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 1:1 74 Осасуна Осасуна Трофеи Северной Пальмиры Теннис Александр Бублик Александр Бублик 18:30 Бүгін Карен Хачанов Карен Хачанов Эредивизи Футбол Фейеноорд Фейеноорд 1:1 Үзіліс Аякс Аякс А сериясы Футбол Сассуоло Сассуоло 0:0 32 Наполи Наполи Франция кубогы Футбол ENDOUME ENDOUME 0:0 32 Фрежюс Сен-Рафаэль Фрежюс Сен-Рафаэль Франция кубогы Футбол ФК Лимонест ФК Лимонест 1:0 29 О-Лионне О-Лионне Лига 1 Футбол Осер Осер 0:1 30 Марсель Марсель Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 0:1 26 Борнмут Борнмут Премьер-лига Футбол Сандерленд Сандерленд 0:0 27 Тоттенхэм Тоттенхэм

3 сағат бұрын

Елена Рыбакина алматылық жас теннисшілерге шеберлік сабағын өткізді

Елена Рыбакина алматылық жас теннисшілерге шеберлік сабағын өткізді

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Алматыдағы «Алатау» теннис орталығында балаларға шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жас спортшылар әлемдік рейтинг көшбасшысымен бір кортта ойнап, дүниежүзінің үздік теннисшілерінің бірінен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Іс-шара Елена Рыбакинаның Қазақстан теннисі үшін тарихи жетістігінен кейін елге жасаған сапары аясында ұйымдастырылды. Спортшы кәсіби мансабында алғаш рет маусымды Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингі бойынша әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады.

Шеберлік сабағы барысында Рыбакина жас теннисшілермен бірге жаттығу өткізіп, ойын тәсілдерін көрсетті және кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Балалар «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпионымен доп алмасып, құнды кеңестер алды.

«Балалармен бірге осылай уақыт өткізу – керемет мүмкіндік. Кортта өз тәжірибеммен бөлісу маған үлкен қуаныш сыйлайды. Тенниске қызығатын балалардың көп екенін көру өте жағымды. Шеберлік сабағына қатысушылардың арасында жасы өте кіші болса да, ойын шеберлігімен көзге түскен балалар болды», – деп әсерімен бөлісті Елена Рыбакина.

Шеберлік сабағы жас спортшылар үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де ерекше оқиға болды.

«Менің балам сегіз жаста. Бүгін Елена Рыбакинаның шеберлік сабағына қатыстық. Бұл – балалар үшін керемет мүмкіндік. Олардың қуанышында шек жоқ. Еленаның жетістіктері жас спортшыларға үлкен мотивация береді. Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жүрген әлемнің бірінші ракеткасының елге келіп, балалармен бірге кортқа шығуы – ерекше оқиға. Біз өте бақыттымыз!» – деді жас теннисшінің анасы Мариям Ізмамбетова.

«Алатау» теннис орталығы – Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен ашылған еліміздегі 39-шы теннис орталығы. Кешен 2025 жылы Алматының қарқынды дамып келе жатқан Алатау ауданында пайдалануға берілді. Бүгінде орталықта жыл сайын 500-ден астам бала жаттығады.

Шеберлік сабағының соңында автограф-сессия ұйымдастырылды. Елена Рыбакина балалармен әңгімелесіп, естелік қолтаңбаларын қалдырды және іс-шараға қатысушылармен бірге суретке түсті.

Алматыға сапары аясында баспасөз мәслихаты да өтті. Әлемнің бірінші ракеткасы өткен маусымды қорытындылап, алдағы жоспарлары, командалық жарыстарға қатысу мүмкіндігі және Олимпиада ойындарына дайындық туралы айтты.

«Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсету мүмкіндіктерін қарастырамыз. Әзірге турнирлік күнтізбенің қалай қалыптасатынын айту қиын. Ең алдымен денсаулығыма мән береміз. Басты мақсат – ірі турнирлерде өнер көрсету және алдағы Олимпиада ойындарына дайындалу», – деді Рыбакина.

Теннисші Алматыға оралғаннан алған әсерімен бөлісіп, қазақтың ұлттық тағамдарының қайсысын ұнататынын да айтты.

«Маған Алматының климаты өте ұнайды. Мұнда достарым көп, сондықтан Алматыға келген сайын өзімді үйдегідей сезінемін. Ұлттық тағамдардың көбін жақсы көремін, әсіресе бесбармақ пен тәттілерді ұнатамын», – деді спортшы.

2026 жылғы маусым Елена Рыбакина үшін де, бүкіл Қазақстан теннисі үшін де тарихи жыл болды. Спортшы төрт турнирде топ жарды. Оның екеуі – «Үлкен дулыға» санатындағы Аустралияның ашық чемпионаты (Australian Open) мен АҚШ-тың ашық чемпионаты (US Open). Рыбакина кәсіби мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастап, маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады.

Еске салсақ, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ұлттық құрама сапында өнер көрсету және 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындалу үшін жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.



Біздің серіктес: Sport12kz