Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

07.03.2025

17 жылдан кейін Астанаға оралу, Алматы қаласындағы теке-тірес: Ел чемпионатының 2-турынан не күтеміз?

17 жылдан кейін Астанаға оралу, Алматы қаласындағы теке-тірес: Ел чемпионатының 2-турынан не күтеміз?

Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымының 2-тур ойындары 8-9 наурызда өтеді.

8 наурыз (сенбі):

  • 15:00 – «Оқжетпес» – «Атырау» (Көкшетау қ, «Оқжетпес» стадионы)

Өзара ойындары: «Атырау» - 21 жеңіс, «Оқжетпес» – 10 жеңіс, 5 тең.

Бірінші Лиганың чемпиондары ел чемпионатын сәтсіз бастады. Енді күрделі жөндеуден өткен Көкшетау қаласында «Атырауды» қабылдамақ. Бірінші турда күтпеген жерден фаворитті жеңген «мұнайшылар» енді қонақта да 3 ұпай алуды көздейді. Статистикаға назар аударсақ, «Атырау» сонау 2017 жылдан бері көкшетаулықтардан басым түсе алмай келеді. Сәтсіздік сериясы тоқтай ма екен? Әлде кіл отандық футболшылардан жасақталған «Оқжетпес» алғашқы 3 ұпайын ала ма?

  • 16:00 – «Жетісу» – «Ұлытау» (Алматы қ, «Хан-Тәңірі» стадионы)

Өзара кездеспеген.

Самат Смақовтың шәкірттері 1-турда сырт алаңда «Қызылжармен» ұпай бөліскен еді. Енді өз жерінде жезқазғандықтарды қабылдағанымен, олар Алматы қаласында доп тебуге мәжбүр. Біршама мықты футболшыларынан айырылса да, «Жетісу» фаворит ретінде қала бермек. Жанкүйерлер 28 жылдан кейін жоғарғы дивизионға оралған «Ұлытаудың» голын көре ала ма екен?

 16:00 – «Жеңіс» – «Тобыл» (Астана қ, «Астана Арена» стадионы)

Өзара ойындары: «Жеңіс» - 17 жеңіс, «Тобыл» – 13 жеңіс, 9 тең.

Былтыр өз алаңындағы матчтарын Қарағанды қаласында өткізуге мәжбүр болған «Жеңіс» ендігі кезекте «Астана Арена» стадионында өнер көрсетеді. 2008 жылдан кейін елордаға оралған «Жеңіс» командасына жеңіске жету өте қиын болмақ. Себебі, қостанайлықтардың сапында ел чемпионатының ең үздік футболшысы Ислам Чесноков өнер көрсетеді. Өткен маусымда астаналықтар өзара өткен 3 матчта да (2 жеңіс, 1 тең) ұпай алған.

  • 18:00 – «Қайрат» – «Ордабасы» (Алматы қ, Орталық стадион)

Өзара ойындары: «Қайрат» - 30 жеңіс, «Ордабасы» – 19 жеңіс, 18 тең.

Алматылықтар екінші турда да чемпиондыққа фавориттің бірі - «Ордабасыны» қабылдайды. Командасына түбегейлі өзгеріс жасаған шымкенттіктердің «Қайратқа» қарсы не ұсынатындығы көпшілікке қызық. 16 жастағы Дастан Сәтпаев тағы да көзге түсе ала ма екен? Тең есеп қос командаға да тиімсіз. Сондықтан ойыннан тек жеңімпазды ғана көріп қалуымыз әбден ықтимал.

9 наурыз (жексенбі):

  • 15:00 – «Ақтөбе» – «Тұран» (Ақтөбе қ, «ОСДЮШОР» алаңы)

Өзара ойындары: «Ақтөбе» - 7 жеңіс, «Тұран» – 1 жеңіс.

2025 жылғы маусым басталғалы «Ақтөбе» клубы 2 ойында гол соқпады. Енді жанкүйерлерге лық толы өз алаңында қалайда 3 ұпай алуға тырысады. Өткен маусымда әупірімдеп жан сақтаған «Тұранды» биыл есептен шығаруға болмайды. Дәл қазіргі сәтте түркістандықтар ТОП-5-ке кіру мүмкіндігі жоғары. Біршама жыл «Атырауды» баптаған Виталий Жуковский енді «Тұранмен» бірге ақтөбеліктердің сәтсіздігін одан әрі ұзартуға тырысады.

  • 17:00 – «Елімай» – «Қайсар» (Астана қ, «Астана Арена» стадионы)

Өзара ойындары: «Елімай» - 1 жеңіс, «Қайсар» – 1 жеңіс

Чемпионат басталмас бұрын фавориттердің қатарына кірген «Елімай» бірінші турда жеңіліске ұшырады. Енді Андрей Карповичтің шәкірттері жинақтылық танытып, 3 ұпай алуға тиіс. Легионерлерден арылған қызылордалықтарға Астанада өте қиын болмақ.

  • 19:00 – «Қызылжар» – «Астана» (Қостанай қ, «Тобыл Арена» спорт кешені)

Өзара ойындары: «Астана» - 14 жеңіс, «Қызылжар» – 2 жеңіс

Екі команда да бірінші турда 1:1 есебімен тең түскен. Әрқайсысына да ұпай жинау маңызды. Алайда барлық көрсеткіштер бойынша қонақтар бұл кездесудің фавориті саналады. Маусым басында ұпайын түгендеп алуды көздейтін «Астанаға» 3 ұпай алу қатты қиындық тудыра қоймас.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан