16.03.2025

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы АҚШ-тың Финикс қаласында өтіп жатқан Arizona Tennis Classic ATP Challenger турнирінің финалына жолдама алды.

Жарыстың 1/2 финалында Александр Бублик (АТР: 82) турнирдің бірінші ракеткасы португалиялық теннисші Нуно Боргестен (АТР: 36) басым түсті.

Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 5 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын сенімді түрде 2:0 (6:3; 6:4) есебімен тізе бүктірді.

Енді Бублик чемпиондық атақты бразилиялық 18 жасар теннисші Жуан Фонсекамен (АТР: 80) сарапқа салады. Аталған ойын бүгін, 16 наурыз сағат 23:30-ға жоспарланған.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас