23.10.2026
Қазақстандық волейболшылар Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстанның отырып ойнайтын волейболдан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды. Финалда қазақстандықтар Иран құрамасына есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың шешуші кездесуінде әлемдегі мықты командалардың бірі саналатын Иран құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Партиялардағы есеп — 25:19, 25:13, 25:12. Айта кетейік, қос команда бұған дейін топтық кезеңде де кездескен.
Қазақстандық волейболшылар финалға дейінгі жолда топтық кезеңде Таиланд құрамасын сенімді түрде жеңді. Ал жартылай финалда Ирак командасымен кездесіп, тартысты ойын көрсетті. Алғашқы екі партияда жеңіліп жатқан отандастарымыз матчтың барысын өзгертіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz