24.10.2026
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медаль жеңіп алды
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында 18–24 қазан аралығында өткен V жазғы Пара Азия ойындары мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы құрлықтық додада 50 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.
Қазақстандық спортшылар жарыста 12 алтын, 16 күміс және 22 қола медаль иеленді.
Құрлықтық бәсекеде ел намысын спорттың 12 түрінен 150 отандасымыз қорғады. Олар пара дзюдо, пара велоспорт, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара садақ ату, пара оқ ату, пара үстел теннисі, пара таеквондо, бочча, арбадағы теннис және отырып ойнайтын волейболдан сынға түсті.
Біздің серіктес: Sport12kz