Матч орталығы
КХЛ Хоккей Барыс Барыс 2:1 Аяқталды Северсталь Северсталь УЕФА жасөспірімдер лигасы Футбол Градец-Кралове U19 Градец-Кралове U19 1:0 Аяқталды Кайрат U19 Кайрат U19 КХЛ Хоккей СКА СКА 2:3 Аяқталды Локомотив Локомотив Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 0:3 57 Барселона Барселона Чемпиондар лигасы Футбол Славия Славия 0:0 56 Вильярреал Вильярреал Б сериясы Футбол Кремонезе Кремонезе 0:0 Үзіліс Авеллино Авеллино Лига ICE Хоккей Зальцбург Зальцбург 0:3 Үзіліс Пустерталь Пустерталь АФК Чемпиондар лигасы 2 Футбол Аль-Таавун Аль-Таавун 0:0 44 Аль-Нахда Аль-Нахда ДЕЛ Хоккей Швеннингер Швеннингер 2:0 00:58 Изерлон Изерлон ДЕЛ Хоккей Ред Булл Ред Булл 2:1 02:28 Вольфсбург Вольфсбург Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 00:45 Ертең Бирмингем Бирмингем Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 00:45 Ертең Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 00:45 Ертең Блэкберн Блэкберн Чемпионшип Футбол Сток Сток 01:00 Ертең Миллуолл Миллуолл Чемпиондар лигасы Футбол ПСЖ ПСЖ 01:00 Ертең Рома Рома Чемпиондар лигасы Футбол Атлетико Атлетико 01:00 Ертең Викинг Викинг Чемпиондар лигасы Футбол Спортинг Спортинг 01:00 Ертең Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Чемпиондар лигасы Футбол Брюгге Брюгге 01:00 Ертең Ливерпуль Ливерпуль Чемпиондар лигасы Футбол Лилль Лилль 01:00 Ертең Бавария Бавария Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 01:00 Ертең Фенербахче Фенербахче

09.11.2026

Президент Азия ойындарының чемпиондарын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент Азия ойындарының чемпиондарын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев XX жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен ұлттық құрама спортшыларын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sport12.kz.

Мемлекеттік наградаларға 13 спортшы ие болды.

«Парасат» орденімен:

Софья Берульцева – каратэден Азия ойындарының чемпионы.

«Құрмет» орденімен:

Алексей Луценко – шосседегі велоспорттан жекелей және топтық жарыстарда екі алтын медаль жеңіп алған;

Кирилл Проходов – семсерлесуден командалық жарыстың чемпионы;

Ерлік Сертай – семсерлесуден командалық жарыстың чемпионы;

Иван Чернухин – академиялық есуден жұптық жарыстың жеңімпазы;

Владислав Яковлев – академиялық есуден жұптық жарыстың жеңімпазы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Жоламан Биғабыл – каратэден Азия ойындарының чемпионы;

Еркінғали Бүркіталин – аралас жекпе-жектен алтын медаль иегері;

Рината Сұлтанова – шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 шақырымдық жекелей жарыстың жеңімпазы;

Ясмина Тоқсанбаева – жеңіл атлетикадан марафонға қатысушы;

Тамирлан Тілеулес – таеквондодан Азия ойындарының чемпионы;

Вадим Шарлаимов – семсерлесуден командалық жарыстың жеңімпазы;

Қадырбек Шынбаев – аралас жекпе-жектен алтын медаль иегері.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарын 84 медальмен (12 алтын, 24 күміс, 48 қола) аяқтап, жалпыкомандалық есепте сегізінші орын алды. Ал Азия Пара ойындарында отандастарымыз 50 жүлде (12 алтын, 16 күміс, 22 қола) иеленіп, тоғызыншы сатыға тұрақтады.


Біздің серіктес: Sport12kz