18.01.2025

Қысқы Универсиада: 18 қаңтарда кімдерге сенім артамыз?

Қысқы Универсиада: 18 қаңтарда кімдерге сенім артамыз?

Фото: Olympic.kz

Бүгін, 18 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың бесінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, биатлон және мәнерлеп сырғанаудан сынға түседі.

Алдымен 14:05-те биатлонның спринт сайысынан ерлер арасында Никита Акимов, Владислав Киреев, Кирилл Бауэр, Ерқанат Қуандық жарыс жолына шығады.
Ал 17:05-те биатлонның спринт сайысынан әйелдер арасында Арина Крюкова, Алина Скрипкина, Айша Рақышева, Милана Генеева ел намысын қорғайды.  
Сағат 14:30-да шаңғы жарысынан әйелдер арасында Александра Скороходова жарыс. 
Сағат 17:00-де мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарлама бойынша ерлер арасында Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Михаил Кривошеев сайысқа түссе, 20:05-те әйелдер арасында София Самоделкина өнер көрсетеді. 

Еске салсақ, қазақстандық спортшылар медальдар кестесінде екі алтын, төрт күміс, екі қоламен екінші орында келеді. Ел құрамасы қоржынына қос алтынды фристайлшы Анастасия Городко салды.

Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1400 метр спринт) күміс, Роман Құрбанов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1400 метр спринт) қола медаль алды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Елена Рыбакина ТОП-10 қарсыластарына қарсы 22-жеңісіне жетті

Теннис 1 сағат бұрын

Елена Рыбакина ТОП-10 қарсыластарына қарсы 22-жеңісіне жетті

Денис Евсеев Гуйянь турнирінің ширек финалына шықты

Теннис 1 сағат бұрын

Денис Евсеев Гуйянь турнирінің ширек финалына шықты

Холандтың жаңа рекорд орнатты

Футбол 1 сағат бұрын

Холандтың жаңа рекорд орнатты

«Барселона» жеңісті Англияда бастады

Футбол 2 сағат бұрын

«Барселона» жеңісті Англияда бастады

Шерхан Қалмырза: Қазақ жанкүйерлерінен кешірім сұраймын

Футбол 2 сағат бұрын

Шерхан Қалмырза: Қазақ жанкүйерлерінен кешірім сұраймын

«Қайрат» бас бапкері ойынға пікір білдірді

Футбол 2 сағат бұрын

«Қайрат» бас бапкері ойынға пікір білдірді