18.02.2025

Астана әуежайында Азиаданың тарихи алтынын алған шорт-трекшілерді қарсы алды

Астана әуежайында Азиаданың тарихи алтынын алған шорт-трекшілерді қарсы алды

Бүгін шорт-тректен Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарында 1 алтын, 2 күміс еншілеген отандастарымызды елге оралды.

2025 жылдың басты додасы - 7-14 ақпан күндері аралығында өткен Қытайдағы қысқы Азиадада шорт-трекшілерімз 30 жылдай уақыт бұйырмай келген алтын медальді жеңіп алды. Әділ Ғалияхметов, Айбек Нәсен, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Абзал Әжғалиев, Глеб Ивченко бастаған құрамамыз 5 000 метрлік қашықтықтағы эстафета сайысында атағынан ат үркитін, Олимпиада чемпионы, әлем чемпиондарынан құралған Қытай мен Оңтүстік Корея құрамаларын артқа тастады.

«Ең бастысы – дайындық, тәртіп және команданың бірлігі. Біз қарсыластарды жақсы талдап, стратегияны ойластырдық. Ойлаған дүниемізді тәжірибеде іске асыра алдық. Мұндай жарыстарда әрбір сәт маңызды: күшіңді қалай бөлесің, командада қалай жұмыс істейсің, қысымға қалай төтеп бересің. Біз осы барлық факторларды біріктіре алдық», - деді команда мүшесі Денис Никиша.

Жігіттерден бөлек, Әйелдер құрамасы да 3000 метр­ қашықтықта күміс жүлде еншіледі. Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Әжғалиева, Мадина Жанбосынова, Яна Хан, Ольга Тихонова бастаған үздіктер жанкүйер сенімін ақтады. Аралас командалық сайыста да күміс жүлде бұйырды.

Кей жанкүйерлердің алтын медаль кездейсоқтық деген пікіріне де жауап берілді.

«2025 жылдағы басты жоспарымыз - қысқы Азия ойындары мен Әлем чемпионаты болды.  Мамыр айынан бастап, тыңғылықты дайындалдық. Чемпион болған сәттегі әдіс те бірнеше ай бойы ойластырылған тактика еді. Қытай мен Оңтүстік Корея спортшылары құламаса да, бәрібір озатын едім», - деп Әділ Ғалиахметов пікірін білдірді.

2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында Абзал Әжіғалиевтің жүлдеге біртабан жетпей, 4-орынға тұрақтауы, 2024 жылы Денис Никишаның 500 метрлік қашықтықта тарихи күміс медаль алуы, IX қысқы Азия ойындарында жігіттеріміз бен аруларымыздың да биік сатыдан көрінуі бұл спорт түрінде жекелеген спортшы емес, әрқайсысынан әлемдік додаларда жүлде күту керектігін аңғартты.

Лионель Месси АҚШ-та ең жоғары жалақы алатын футболшы атанды

Футбол 56 минут бұрын

Лионель Месси АҚШ-та ең жоғары жалақы алатын футболшы атанды

Серікжан Мұжықов «Жетісуге» қайта оралуы мүмкін

Футбол 1 сағат бұрын

Серікжан Мұжықов «Жетісуге» қайта оралуы мүмкін

Астана қаласында спорттың дамуына үлес қосқан журналистер марапатталды

Басқа 3 сағат бұрын

Астана қаласында спорттың дамуына үлес қосқан журналистер марапатталды

Уимблдон турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыласы белгілі

Теннис 8 сағат бұрын

Уимблдон турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыласы белгілі

Евгений Фёдоров велоспорттан ел біріншілігінде топ жарды

Басқа 9 сағат бұрын

Евгений Фёдоров велоспорттан ел біріншілігінде топ жарды

Муайтай: Қазақстан Азия чемпионатында 7 алтын медаль алды

Басқа 9 сағат бұрын

Муайтай: Қазақстан Азия чемпионатында 7 алтын медаль алды