Матч орталығы
УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Норвегия Норвегия 1:2 Аяқталды Португалия Португалия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Германия Германия 0:1 Аяқталды Грекия Грекия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Израиль Израиль 0:3 Аяқталды Ирландия Ирландия Сегунда Футбол Реал Овьедо Реал Овьедо 2:0 Аяқталды Спортинг Хихон Спортинг Хихон Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Боливия Боливия 0:2 Аяқталды Парагвай Парагвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Швейцария U19 Швейцария U19 14:30 Бүгін Қазақстан U19 Қазақстан U19 Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония Жапония 15:25 Бүгін Венесуэла Венесуэла Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея 16:00 Бүгін Уругвай Уругвай УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Латвия Латвия 21:00 Бүгін Кипр Кипр УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 21:00 Бүгін Черногория Черногория УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грузия Грузия 21:00 Бүгін Украина Украина УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Румыния Румыния 23:45 Бүгін Босния және Герцеговина Босния және Герцеговина УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Швеция Швеция 23:45 Бүгін Польша Польша УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Түркия Түркия 23:45 Бүгін Италия Италия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Бельгия Бельгия 23:45 Бүгін Франция Франция УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Солтүстік Ирландия Солтүстік Ирландия 23:45 Бүгін Венгрия Венгрия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Аустралия Аустралия 15:00 Ертең Бразилия Бразилия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Финляндия Финляндия 21:00 Ертең Беларусь Беларусь УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Молдова Молдова 21:00 Ертең Фарерские аралдары Фарерские аралдары Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 22:30 Ертең Ирак Ирак

18.02.2025

Астана әуежайында Азиаданың тарихи алтынын алған шорт-трекшілерді қарсы алды

Астана әуежайында Азиаданың тарихи алтынын алған шорт-трекшілерді қарсы алды

Бүгін шорт-тректен Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарында 1 алтын, 2 күміс еншілеген отандастарымызды елге оралды.

2025 жылдың басты додасы - 7-14 ақпан күндері аралығында өткен Қытайдағы қысқы Азиадада шорт-трекшілерімз 30 жылдай уақыт бұйырмай келген алтын медальді жеңіп алды. Әділ Ғалияхметов, Айбек Нәсен, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Абзал Әжғалиев, Глеб Ивченко бастаған құрамамыз 5 000 метрлік қашықтықтағы эстафета сайысында атағынан ат үркитін, Олимпиада чемпионы, әлем чемпиондарынан құралған Қытай мен Оңтүстік Корея құрамаларын артқа тастады.

«Ең бастысы – дайындық, тәртіп және команданың бірлігі. Біз қарсыластарды жақсы талдап, стратегияны ойластырдық. Ойлаған дүниемізді тәжірибеде іске асыра алдық. Мұндай жарыстарда әрбір сәт маңызды: күшіңді қалай бөлесің, командада қалай жұмыс істейсің, қысымға қалай төтеп бересің. Біз осы барлық факторларды біріктіре алдық», - деді команда мүшесі Денис Никиша.

Жігіттерден бөлек, Әйелдер құрамасы да 3000 метр­ қашықтықта күміс жүлде еншіледі. Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Әжғалиева, Мадина Жанбосынова, Яна Хан, Ольга Тихонова бастаған үздіктер жанкүйер сенімін ақтады. Аралас командалық сайыста да күміс жүлде бұйырды.

Кей жанкүйерлердің алтын медаль кездейсоқтық деген пікіріне де жауап берілді.

«2025 жылдағы басты жоспарымыз - қысқы Азия ойындары мен Әлем чемпионаты болды.  Мамыр айынан бастап, тыңғылықты дайындалдық. Чемпион болған сәттегі әдіс те бірнеше ай бойы ойластырылған тактика еді. Қытай мен Оңтүстік Корея спортшылары құламаса да, бәрібір озатын едім», - деп Әділ Ғалиахметов пікірін білдірді.

2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында Абзал Әжіғалиевтің жүлдеге біртабан жетпей, 4-орынға тұрақтауы, 2024 жылы Денис Никишаның 500 метрлік қашықтықта тарихи күміс медаль алуы, IX қысқы Азия ойындарында жігіттеріміз бен аруларымыздың да биік сатыдан көрінуі бұл спорт түрінде жекелеген спортшы емес, әрқайсысынан әлемдік додаларда жүлде күту керектігін аңғартты.


Біздің серіктес: Sport12kz