2 сағат бұрын
Астанадағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан жеңіске жетті
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде іріктеу кезеңінде қазақстандық балуан Қырғызстан өкілі Раззак Бейшекеевпен кездесті. Белдесу қорытындысы бойынша Сабаз 8:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, Бағдат Сабаз 2025 жылы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында топ жарған. Ал Раззак Бейшекеев 2026 жылы Бішкекте өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы әрі Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері.
Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазанда басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz