9 сағат бұрын
Ризабек Айтмұханды жеңген Садулаев 5,6 миллион теңге сыйақы алды
Ресейлік балуан Абдулрашид Садулаев Астанада өткен әлем чемпионатындағы қола жүлдесі үшін 1 миллион рубль (шамамен 5,6 миллион теңге) сыйақы алды.
97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Садулаев жарыстың іріктеу кезеңінде қазақстандық Ризабек Айтмұханды 4:1 есебімен жеңген еді.
Алайда ширек финалда америкалық Кайл Снайдермен кездесуі 4:4 есебімен аяқталып, ресейлік балуан қосымша көрсеткіш бойынша жеңіліп қалды. Кейін жұбаныш белдесулерінен өтіп, қола медаль үшін күресте польшалық Збигнев Барановскийді 5:0 есебімен ұтты.
21 қарашада Каспийск қаласында әлем чемпионатының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Дағыстан билігі мен спорт федерациясы алтын медаль иегерлеріне 3 миллион, күміс жүлдегерлерге 2 миллион, ал қола жүлдегерлерге 1 миллион рубльден табыстады.
Айта кетейік, Абдулрашид Садулаев – екі дүркін Олимпиада чемпионы және алты дүркін әлем чемпионы.
Біздің серіктес: Sport12kz