Матч орталығы
Лига ICE Хоккей Вена Кэпиталз Вена Кэпиталз 5:1 Аяқталды Олимпия Олимпия Чемпиондар лигасы Хоккей Айсбарен Айсбарен 9:2 Аяқталды Коокоо Коокоо Чемпиондар лигасы Хоккей Фрибург Фрибург 3:3 Аяқталды Серветт Серветт Ұлттық лига Хоккей Цуг Цуг 3:0 Аяқталды Ажуа Ажуа Испания кубогы Футбол Алькояно Алькояно 1:3 Қос. уақытта Мальорка Мальорка Испания кубогы Футбол Бадахос Бадахос 2:5 Аяқталды Тенерифе Тенерифе Испания кубогы Футбол Реус Реддис Реус Реддис 1:1 Пенальти Баракальдо Баракальдо Испания кубогы Футбол Депортива Минера Депортива Минера 1:2 Қос. уақытта Картахена Картахена НБА Баскетбол Денвер Денвер 49:61 12:00 Бостон Бостон Итоговый турнир мужчины Теннис Бен Шелтон Бен Шелтон 18:00 Бүгін Рафаэль Ходар Рафаэль Ходар КХЛ Хоккей Металлург Металлург 19:00 Бүгін Трактор Трактор КХЛ Хоккей Нефтехимик Нефтехимик 21:30 Бүгін СКА СКА КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 21:30 Бүгін Спартак Спартак Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 00:00 Ертең Цюрих Цюрих Итоговый турнир мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 00:30 Ертең Артур Филс Артур Филс НХЛ Хоккей Тампа Тампа 05:30 Ертең Эдмонтон Эдмонтон КХЛ Хоккей Авангард Авангард 18:30 Ертең Барыс Барыс Про-лига Футбол Аль-Ахли Аль-Ахли 22:30 Ертең Аль-Наср Аль-Наср Бундеслига Футбол Бавария Бавария 00:30 21.11 Кельн Кельн Лига 1 Футбол Труа Труа 00:45 21.11 Гавр Гавр

09.11.2024

Әлем чемпионаты: Қазақстандық самбошылар бүгін 3 медаль алды

Әлем чемпионаты: Қазақстандық самбошылар бүгін 3 медаль алды

Фото: Olympic.kz

Бүгін Астана қаласында самбодан әлем чемпионатының 2-күні Қазақстан құрамасының 3 спортшысы финалда күш сынасты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Спорттық самбодан 64 кг дейінгі салмақта Есентай Имаханов аса тартысты айқаста өзбекстандық Сардор Олимжоновтан жеңісті жұлып алып, алтыннан алқа тақты.

Ал спорттық самбодан ақтық сында Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг) Анастасия Луканинадан (FIAS-1), ал Еламан Қойшыбаев (88 кг) Сергей Рябовтан ұтылып, күміс жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ жауынгерлік самбодан Арнұр Қуатай (71 кг) мен Ұлбосын Әділова (80 кг), спорттық самбодан Шынар Абатова (72 кг), пара самбодан Асқар Каиров қола жүлдегер атанды.

Бүгін жүлдегерлерді марапаттауға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.

Еске сала кетейік, кеше, әлем чемпионатының алғашқы күні Ұлттық құрама 1 алтын, 4 қола медаль жеңіп алған. Қазір еншімізде 2 алтын, 2 күміс, 8 қола медаль болды. Ертең шешуші жарыс күні өтеді.

Биылғы ӘЧ-на 80 мемлекеттен 470 спортшы жиналды. Ал еліміздің намысын 28 отандасымыз қорғап жатыр. Осы чемпионаттың ерекшелігі - әйелдер арасында жауынгерлік самбо мен зағиптардың сайысы бірінші мәрте енгізілуі.

ӘЧ-ның жалпы жүлде қоры 311 мың АҚШ доллары (1-орын - 4 000 доллар, 2-орын - 3 000 доллар, 3-орын - 2 000 доллар және зағиптар арасындағы чемпион - 1 000 доллар).

Осыған дейін Астанада 2005 жылы қарашада спорттық самбодан әлем чемпионаты өтіп, Ұлттық құрама 1 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған.



Біздің серіктес: Sport12kz