04.03.2025
«Ақтөбе» клубының аңызы клубтан кетті
Фото: «Ақтөбе» ФК
Юрий Логвиненко «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Клубтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Логвиненко бұл қызметтен өз еркімен кеткен.
Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы аталған лауазымға өткен жылдың қаңтар айында тағайындалған болатын.
Оған дейін Юрий клубтың спорт директоры қызметін атқарды.
Айта кетейік, Логвиненко футболшы ретінде ақтөбелік клубтың намысын 332 матчта қорғап, 20 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи