Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

16.03.2025

Футболдан Қазақстан құрамасы екі мәрте жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан құрамасы екі мәрте жеңіске жетті

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы екі жолдастық кездесуде жеңіске жетті.

Қазақстандық футболшылар Түркияда 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алдағы ойынына дайындық жасап жатыр. Оқу-жаттығу жиыны барысында екі жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. 

Екінші ойында Ресейдің «Зенит» командасы жастар құрамын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Кездесу барысында қазақстандық футболшылар жақсы ойын өрнегін көрсетті. 

Бірінші жолдастық кездесуде олар Швецияның бірінші лигада ойнайтын командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Ел құрамасы енді әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Уэльс (22 наурыз) және Лихтенштейн (25 наурыз) құрамаларымен ойнайды. 

Ел құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары - Бельгмя, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.

Матчтар 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан