5 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы әлем біріншілігін төрт медальмен аяқтады
Қазақстанның ерлер құрамасы Черногорияның Будва қаласында өткен 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша медальдар кестесінде сегізінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық боксшылар әлем біріншілігінде төрт медаль жеңіп алды. Оның екеуі – күміс, екеуі – қола.
Бибарыс Әшірбай (70 келі) мен Владислав Саможонов (+90 келі) күміс жүлдегер атанса, Данияр Ақбисенов (60 келі) пен Еркетаң Жарқынбек (90 келі) қола медаль иеленді.
Ерлер арасындағы медальдар кестесінде Өзбекстан құрамасы бірінші орын алды. Өзбек боксшылары үш алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Ресей құрамасы екі алтын және екі қола медальмен екінші орынға тұрақтаса, Ирландия құрамасы бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен үздік үштікті түйіндеді.
Біздің серіктес: Sport12kz