2 күн бұрын
Тәшкенбай мен Жүсіпов Қазақстан чемпионатына қатыспайды
Бокстан Қазақстан чемпионатында ұлттық құраманың бірқатар көшбасшысы өнер көрсетпейді. Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай мен Абылайхан Жүсіпов бар. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов мәлімдеді.
50 келіге дейінгі салмақтағы Тәшкенбайдың жарысқа қатыспау себебі белгісіз. Оның кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін деген болжам бар, алайда бұл ақпарат расталмаған.
55 келіде Махмұд Сабырхан Азия ойындарынан кейін демал алса, Сәкен Бибосынов жарақатына байланысты қатыспайды. 60 келідегі Серік Теміржанов та жарақатына байланысты жарысты өткізіп алады. Ал 65 келідегі Санатәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысқан.
70 келіде Төрехан Сабырхан демалыста болса, Абылайхан Жүсіпов мансабында уақытша үзіліс алған. 90 келідегі Нұрбек Оралбай жарақатына байланысты, ал аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай демалысқа байланысты чемпионатқа қатыспайды.
Қазақстан чемпионаты 29 қазан мен 6 қараша аралығында Таразда өтеді. Жарыс 2027 жылғы маусымға арналған ұлттық құраманы жасақтауда маңызды рөл атқарады. 2026 жылғы Азия ойындарының жүлдегерлерінен басқасы ұлттық құрамадағы орнын ел біріншілігінде бекітуі тиіс.
Біздің серіктес: Sport12kz