1 күн бұрын
«Шоу керек пе? Мен дайынмын!» — Төрехан Сабырхан өзбек боксшысына мәлімдеме жасады
Төрехан Сабырхан өзбекстандық нокаутшымен жұдырықтасуға дайын.
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан өзбекстандық кәсіпқой боксшы Шохжахон Эргашевтің жекпе-жек өткізу туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
IBA Nomad лигасының Instagram парақшасында жарияланған видеода Сабырхан қарсыласымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.
«Шоу керек пе? Мен дайынмын!» – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін 27 жеңісі бар Шохжахон Эргашев желтоқсан айының басында Алматыда рингке шығуды жоспарлап отырғанын айтқан. Өзбекстандық боксшы соңғы кездесуінде қазақстандық Дастан Бекенді жеңген.
Ал Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокста әзірге бір ғана жекпе-жек өткізіп, чехиялық Иржи Хаукеевті техникалық нокаутпен ұтқан.
Біздің серіктес: Sport12kz