Матч орталығы
Ченнаи женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 2:0 Аяқталды Елизавета Котляр Елизавета Котляр А сериясы Футбол Болонья Болонья 2:1 Аяқталды Монца Монца Бундеслига Футбол Вердер Вердер 2:0 Аяқталды Хоффенхайм Хоффенхайм Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 1:2 Аяқталды Фрайбург Фрайбург Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 0:0 Аяқталды Падерборн Падерборн Бундеслига Футбол Байер Байер 2:4 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Бундеслига Футбол Шальке Шальке 0:2 Аяқталды Лейпциг Лейпциг Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 3:0 Аяқталды Сельта Сельта Эредивизи Футбол Фейеноорд Фейеноорд 1:1 Аяқталды Фортуна Фортуна Суперлига Футбол Фенербахче Фенербахче 1:2 Аяқталды Гезтепе Гезтепе А сериясы Футбол Удинезе Удинезе 2:5 Аяқталды Рома Рома Бундеслига Футбол Бавария Бавария 2:2 Аяқталды Боруссия Боруссия Ла Лига Футбол Бетис Бетис 2:1 Аяқталды Малага Малага Премьер-лига Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 2:0 Аяқталды Кристал Пэлас Кристал Пэлас Шотландия лигасының кубогы Футбол Рейнджерс Рейнджерс 1:0 Аяқталды Абердин Абердин Эредивизи Футбол ПСВ ПСВ 7:0 Аяқталды Виллем 2 Виллем 2 Б сериясы Футбол Сампдория Сампдория 2:0 Аяқталды Виртус Энтелла Виртус Энтелла Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 3:2 Қос. уақытта Давос Давос Ұлттық лига Хоккей Клотен Клотен 0:4 Аяқталды Цюрих Цюрих Ұлттық лига Хоккей Серветт Серветт 3:2 Аяқталды Биль Биль

7 сағат бұрын

Бокстан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні қалай өтті?

Бокстан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні қалай өтті?

Тараз қаласында бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Күннің басты жекпе-жегі

70 келіде жүлдеге үміткерлердің бірі, жарыс қожайыны Елнұр Сүйінбай бірінші айналымда Ерасыл Қалдарбекті (Шымкент қ) нокдаунға жіберіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Кешкі сессияда 3 жылдан кейін шаршы алаңға оралған Абзал Серік (Шымкент қ) 2024 жылы жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Әлихан Әскер екеуі 3 раунд бойы жоғары қарқында жекпе-жек өткізіп, көрермендерге жарқын шоу сыйлады. Нәтижесінде Абзал 5:0 есебімен басым түсті.

Басты камбэк

Әйелдер арасында әлем чемпионы, аса ауыр салмақтағы Ләззат Күңгейбаева (Астана қ) алғашқы раундта Умида Садыковадан (Алматы обл) есе жіберсе де, қалған уақытта жекпе-жекті өз пайдасына шеше білді. Есеп: 4:1.

70 келіде U19 санатында әлем чемпионатының финалисі Асылхан Көшербай шешуші үш минуттықта Сұлтан Тұрдалының (Түркістан обл) бауырына жойқын соққы жасап, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Күтпеген жеңілістер

Жастар арасында Азия чемпионы, 65 келідегі Бақтияр Анарбаев бірінші раундтағы басымдығын уысынан шығарып, күтпеген жерден Ерхан Оңталапқа (Қызылорда обл) жол берді.

Әйелдер арасында 57 келіде Астанадағы әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері Айдана Забынбекова (Ұлытау обл) 3 раунд бойы шабуылдаумен болса да, Шахназ Исаеваның (Алматы қ) кілтін таба алмады. Есеп: 5:0.

Танымал боксшылар

65 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов, U22 санатында 2 дүркін Азия чемпионы Нұрислам Қалдыбаев, Илья Калинин және 70 келіде Фарух Тоқтасынов, Дархан Дүйсебай, әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 келі), Ұлжан Сәрсенбек сенімді жеңістерін тіркеді.

Жарқын дебют

27 қазан күні Будвада (Черногория) өткен U19 әлем чемпионатының финалында жұдырықтасқан күміс жүлдегер Алина Құдайгенова (Қарағанды обл) ел чемпионатының алғашқы айналымында Елаиза Көшекованы (Шымкент қ) айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 6 қарашаға дейін жалғасады.



Біздің серіктес: Sport12kz