2 күн бұрын
Әлем чемпионы бокстан Қазақстан біріншілігі ширек финалына шықты
Фото: olympic.kz
Әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов (60 келі) бокстан Қазақстан чемпионатында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тәжірибелі боксшы 1/8 финалда Нұрсаят Тынысбековты (Қызылорда обл) 5:0 есебімен жеңді.
Айта кетсек, Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында былтыр өткен әлем чемпионатында финалда ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (57 келі) алтын медаль иегері атанды. Сондай-ақ ол биыл Азия чемпионы болды.
Біздің серіктес: Sport12kz