4 сағат бұрын
Қазақстан бокс федерациясы басшылығында өзгерістер болды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Мырза Болатұлы Еркенбек Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының Бас хатшысының кеңесшісі қызметін атқарған Мырза Еркенбек енді федерацияның спорттық бағытына жетекшілік етеді.
Жаңа қызметінде ол ұлттық құрамалар мен жасөспірімдер командаларының оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру және үйлестіру, халықаралық жарыстарға дайындық жұмыстарын бақылау, жаттықтырушылар құрамымен өзара жұмысты үйлестіру, сондай-ақ федерацияның спорттық стратегиясын іске асыруға жауапты болады.
Спорт директорының негізгі мақсаты - Қазақстан боксшыларының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық құраманың тұрақты жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне қажетті жағдай жасау және отандық бокстың дамуына үлес қосу.
Еске салсақ, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде қазақстандық боксшылардың да орны белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz