22 сағат бұрын
Жәнібек Әлімханұлының бокс кешіне жаңа чемпиондық айқас қосылды
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен дат боксшысы Якоб Банк арасындағы басты жекпе-жек өтетін бокс кешінің бағдарламасына тағы бір титулдық айқас енгізілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Primetime Boxing ұйымы швед-австралиялық боксшы Линн Сандстрёмнің (13-4-4, 2 KO) кешке қатысатынын жариялады. Ол аса жеңіл салмақтағы WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағын қорғайды. Әзірге оның қарсыласының есімі белгісіз.
Еске салайық, кештің басты жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк екінші орта салмақтағы бос тұрған WBO әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Бокс кеші 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласындағы Forum аренасында өтеді. Бұл кездесу «Қазақ стилі» лақап атымен танымал Әлімханұлы үшін екінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жек болмақ.
Біздің серіктес: Sport12kz