Матч орталығы
Ченнаи женщины Теннис Мей Ямагучи Мей Ямагучи 0:2 Аяқталды Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 0:1 Аяқталды Спортинг Спортинг Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 2:0 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 03.11 Алавес Алавес Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 23:00 03.11 Эйбар Эйбар Париж мужчины Теннис Бен Шелтон Бен Шелтон 2:0 Аяқталды Кэмерон Норри Кэмерон Норри АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Хиляль Аль Хиляль 2:0 Аяқталды Шабаб Аль Ахли Шабаб Аль Ахли Париж мужчины Теннис Ян-Леннард Штруфф Ян-Леннард Штруфф 2:0 Аяқталды Артур Хеа Артур Хеа Про А лигасы Баскетбол Шоле Шоле 94:90 Аяқталды Париж Париж Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 1:0 Аяқталды Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 0:1 Аяқталды Болтон Болтон Чемпионшип Футбол Престон Престон 2:3 Аяқталды Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 0:4 Аяқталды Норвич Норвич Чемпионшип Футбол КПР КПР 1:1 Аяқталды Бернли Бернли Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 3:2 Аяқталды Рома Рома Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 1:1 Аяқталды Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 3:0 Аяқталды Миллуолл Миллуолл Чемпиондар лигасы Футбол Барселона Барселона 3:0 Аяқталды Астон Вилла Астон Вилла Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 0:0 Аяқталды Лилль Лилль Чемпиондар лигасы Футбол Вильярреал Вильярреал 0:6 Аяқталды ПСЖ ПСЖ

17 сағат бұрын

Хамза Шираз «Канеломен» жұдырықтасуға ниетті

Хамза Шираз «Канеломен» жұдырықтасуға ниетті

Ұлыбританиялық боксшы Хамза Шираз мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Шираз бұл туралы DAZN арнасындағы Майк Коппинджерге берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, басты мақсаты – әлемнің үздік боксшыларымен күш сынасу.

«Мен бұл спортқа ең мықты болу және „Канело“ секілді боксшылармен жұдырықтасу үшін келдім. Бұрын мұндай жекпе-жек тек арман болатын. Қазір күн сайын жаттығуымды күшейтіп жүрмін. „Канеломен“ айқасу енді шындыққа айналып келе жатқандай», – деді британдық боксшы.

Айта кетейік, Хамза Шираз бұған дейін екінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте қорғаудан бас тартып, титулдан айырылған еді. Енді Жәнібек бос қалған белбеуді датиялық Якоб Банкпен кездесуде сарапқа салады.



Біздің серіктес: Sport12kz