10 сағат бұрын
Қазақстан біріншілігінде 1/2 финалға қай облыстан көп боксшы шықты?
Фото: olympic.kz
Жамбыл облысының орталығы - Тараз қаласында 29 қазан - 6 қараша аралығында өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында жартылай финалға шыққан боксшылар анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел біріншілігінде барлығы 20 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр. Боксшылар 30 қазан -1 қарашада алдын-ала жекпе-жекте сынға түсті. Одан кейін 2-3 қарашада ширек финал болса, 4-5 қарашада жартылай финал белгіленген. Ал 6 қарашада боксшылар финалда бас жүлдені сарапқа салады.
Алматы қаласы - 14
Қарағанды облысы - 12
Жамбыл облысы - 11
Түркістан облысы - 8
Шымкент қаласы - 7
Жетісу облысы - 6
Астана қаласы - 4
Ақмола облысы - 4
БҚО - 3
Қызылорда облысы - 3
Алматы облысы - 2
Қостанай облысы - 2
Ақтөбе облысы - 1
Абай облысы - 1
Маңғыстау облысы - 1
Павлодар облысы - 1.
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәліметінше, финалға шыққан спортшылар алтын түстес қолғап және қорғаныс бас киімімен шаршы алаңда өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz