3 сағат бұрын
Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалына шықты
Тараз қаласында бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Алматы қаласының өкілі Назым Қызайбай шымкенттік Жайна Шекербековадан басым түсіп, финалға жолдама алды.
Енді отандасымыз ел чемпионы атағы үшін бақ сынайды. Егер шешуші кездесуде жеңіске жетсе, Қазақстан чемпионы атағын 15-рет иеленеді.
Айта кетейік, Назым Қызайбай 2024 жылы Қарағандыда өткен ел біріншілігінде 14-рет Қазақстан чемпионы атанған.
Біздің серіктес: Sport12kz