2 сағат бұрын
Виктория Графеева Қазақстан чемпионатының финалына шықты
Қазақстан чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Виктория Графеева финалға жолдама алды.
Таразда өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында ол тәжірибелі боксшы Римма Волосенконы 5:0 есебімен жеңді.
Осылайша, әлемдік жарыстардың жүлдегері Графеева чемпиондық атаққа таласады. Ал Волосенко ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
6 қарашаға дейін жалғасатын чемпионатта жеңімпаздар анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай Жайна Шекербекті жеңіп, финалға шыққан еді.
Біздің серіктес: Sport12kz