1 күн бұрын
Қазақстандық маман World Boxing ұйымында лауазымға ие болды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Панамада World Boxing Конгрессі өтті. Жүзге жуық мемлекеттің делегаты қатысқан жиында халықаралық ұйымның басшылығы, бірнеше комитеті мен бокс федерациялары өкілдерінің есебі ұсынылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сонымен қатар, бокс ережесіндегі өзгерістер талқыланды. Оның ішінде қазіргі уақытта жасанды интеллект мүмкіндігі белсенді түрде сынақтан өткізіліп жатқаны айтылды, сонымен қатар биыл қарастырылған ерлер боксында қорғаныс бас киімін енгізу туралы ереже мақұлданбады.
Конгресс барысында халықаралық ұйымның бірнеше лауазымына сайлау өткізілді. Соның ішінде Қазақстан бокс федерациясының халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Рауан Игенев World Boxing Спорт және жарыстар комитетінің Төрағасы лауазымына сайланды. Бұл комитет жарыс ережесіне байланысты мәселелерге, соның ішінде жарыстардың техникалық ережелері, жабдықтардың сипаттамаларынан назар аударады. Салмақ дәрежелері және басқа да техникалық аспектілеріне, сондай-ақ World Boxing жарыстары мен іс-шараларының құрылымына, ұйымдастырылуына және басқарылуына соның ішінде жарыстар күнтізбесіне, іс-шаралар форматына, әлемдік рейтингтерге, іріктеу мен біліктілік жүйелеріне, сондай-ақ жарыстарды өткізу талаптары мен өлшемшарттарына жауап береді.
Еске салсақ, Астанада өтетін 2027 жылғы әлем чемпионатына тіркеу басталды.
Біздің серіктес: Sport12kz