09.03.2025
Парабиатлоншы Ербол Хамитов әлем кубогында топ жарды
Қазақстандық парабиатлоншы Ербол Хамитов Швецияның Турсбю қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде алтыннан алқа тақты.
7,5 шақырымдық спринт бәсекесінде сынға түскен отандасымыз мәре сызығын алғашқы болып, 19:38.0 минутта қиды.
Еске салсақ, Ербол бір ай бұрын Словенияда әлем чемпионы атанған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи