Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

09.03.2025

49 жасар өзбекстандық гимнаст әлем кубогында топ жарды

49 жасар өзбекстандық гимнаст әлем кубогында топ жарды

Фото: Frank Hammerschmidt/picture alliance/Getty Images

Өзбекстандық гимнаст Оксана Чусовитина спорттық гимнастикадан әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен әлемдік додада 49 жасар Оксана тіреп секіру сайысында 13,516 ұпай жинап, алдына жан салмады.

Күміс пен қола жүлдеге словениялық қос спортшы Тея Белак (13,336) пен Тьяса Кисселеф (13,283) ие болды.

Оксана — сегіз олимпиадада (1992, 1996, 2000, 2004, 2008, 2012, 2016, 2020) өнер көрсеткен аңыз спортшы. Ол Парижде өткен жазғы ойындарға жарақатына байланысты қатыса алмады.

Айта кетейік, Оксана 2021 жылы мансабын аяқтағанын мәлімдеген болатын. Бірақ араға бірнеше ай салып үлкен спортқа қайта оралды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан