09.03.2025
Бокстан Азия чемпионы өзге елге аттанды
WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы Азияның жеңілмеген чемпионы, қазақстандық Елшат Нығметолла келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін Жапонияға аттанды.
«Қазақ жауынгерімен» бірге Күншығыс елінде оның жаттықтырушысы Даурен Елеусінов те болады. Нығметолла өз дивизионының үздік спортшыларымен спарринг өткізбек. Әзірге оның келесі жекпе-жегінің нақты күні белгіленген жоқ.
Жақында Елшат Irfin Promotions-пен екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісім аясындағы басты мақсат – жеңіл салмақтағы төрт беделді ұйымның бірінде әлем чемпионы атағын жеңіп алу.
Айта кетейік, Нығметолла кәсіпқой рингте 22 жекпе-жек өткізіп, 21 рет жеңіске жетті, бір кездесуі тең аяқталды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов