Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

09.03.2025

Әлем кубогы; Спорттық гимнастикадан Зейнолла Идрисов қола алды

Әлем кубогы; Спорттық гимнастикадан Зейнолла Идрисов  қола алды

Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнастшы Зейнолла Идрисов Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында қола жүлдегер атанды. 

Ол ат снарядындағы жаттығулар бойынша төрешілер шешімімен 14,400 балл алды. 

Аталған жарыста АҚШ спортшысы Брэндон Дэнг (14,633) жеңімпаз атанса, екінші орын да сол елдің өкілі Патрик Хупсқа (14,533) бұйырды. 

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы қоржынына екі медаль түсті. Кеше, 8 наурызда Милад Карими (еркін жаттығу) және Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жарыста) күміс жүлдегер болды.

Спорттық гимнастикадан 20 ақпан мен 28 сәуір аралығында Әлем кубогының сериялық кезеңі өтеді. Қазірге дейін Германияның Котбус қаласында өткізілді. Алда аталған сайыстар 20-23 наурызда Түркияның Анталия, 10-13 сәуірде Хорватияның Осиек, 16-19 cәуірде Қатардың Доха, 25-28 сәуірде Египеттің Каир қалаларында болады. 


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан