Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.03.2025

10 наурызда бокстан әлем чемпионатында ел құрамасынан кімдер сынға түседі?

10 наурызда бокстан әлем чемпионатында ел құрамасынан кімдер сынға түседі?

Фото: Olympic.kz.

Бүгін, 10 наурызда Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде ел құрамасынан екі боксшы сынға түседі.

Ел құрамасынан 10 наурызда Анита Адишева (52 келі) мексикалық Патино Хуарезбен қолғап түйістірсе, Жайна Шекербекова (54 келі) колумбиялық Бекера Монтесиноспен шаршы алаңға шығады. 

Айта кетсек, 9 наурызда ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (50 келі) 1/16 финалда кениялық Нзиваны жеңді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Елдана Талипова (81 келіден жоғары) 1/8 финалда Елдана Талипова өзбекстандық Олтин Сотимбаеваны тізе бүктірді.

Сондай-ақ ел құрамасынан дүбірлі додада Назым Қызайбай (48 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) сынға түседі. 

Әлем чемпионатында 9-13 наурыз аралығында іріктеу айналымы өтсе, жартылай финал 14 наурызға белгіленген. Ал финал 16 наурызда болады. 



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан