Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.03.2025

Кикбоксинг: Қазақстан әлем кубогында 14 алтын медаль жеңіп алды

Кикбоксинг: Қазақстан әлем кубогында 14 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында кикбоксингтен әлем кубогы аяқталды. Биылғы додаға 46 мемлекеттен 429 спортшы қатысып, жүлде үшін бақ сынады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 32 спортшы өнер көрсетіп, жалпы саны 14 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.

Фулл-контакт бағдарламасы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1-орынға ие болды.

Жүлдегерлер тізімі

Фулл-контакт:

1-орын: Нұрасыл Тілектесов (51 кг), Бейбарыс Кенжетай (57 кг), Аслан Асылбеков (60 кг), Мұса Мерзиев (63,5 кг), Батырхан Қуандықов (67 кг), Мақсат Үсіп (71 кг), Марғұлан Айдарұлы (75 кг), Нұрсұлтан Жақыпов (86 кг), Фазлидин Сафаров (+91 кг), Гүлбану Саматова (70 кг)

2-орын: Данияр Жарасов (57 кг), Серікбол Ермеков (63,5 кг), Лаура Нишанбай (56 кг)

3-орын: Ерсайын Шазинда (67 кг), Ибрагим Беков (86 кг)

Лоу-кик:

1-орын: Дінмұхамед Баймұратов (54 кг), Диас Карманов (57 кг)

2-орын: Алина Төлегенова (52 кг)

3-орын: Алдияр Ермеков (63,5 кг), Александр Сычев (63,5 кг), Саят Тұрысбеков (71 кг)

К1:

1-орын: Арсен Сойырқас (57 кг), Мақсат Ерланұлы (75 кг)

2-орын: Жандос Назарбеков (60 кг), Әли Әбутали (67 кг), Берік Қалықов (71 кг)

3-орын: Бибарыс Сауханбек (63,5 кг)


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан