Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.03.2025

Жоао Пауло Қазақстан чемпионатында ТОП-30 сұрмергеннің қатарына енді

Жоао Пауло Қазақстан чемпионатында ТОП-30 сұрмергеннің қатарына енді

36 жастағы бразилиялық шабуылшы, "Қайраттың" ойыншысы Жоао Пауло "Ордабасыға" қарсы өткен матчта (4:0) Қазақстан Премьер-лигасындағы 75-ші голын соқты.

Қазақстан Премьер-лигасында, "Ордабасы" құрамында Жоао Пауло алғаш рет 2019 жылғы 9 наурызда Шымкентте "Шахтерге" қарсы ойында (3:0) дебют жасады. Ол негізгі құрамда алаңға шығып, дубль авторы атанды. Жалпы, "Ордабасы" сапында 65 матч өткізіп, 35 гол соқты.

Премьер-лиганың екінші турында "Ордабасы" қақпасына соғылған голы (4:0) оның Қазақстан чемпионатындағы 75-ші голы болды. Қазіргі таңда "Қайрат" құрамында 82 матчқа қатысып, 40 гол соқты.

Ол Қазақстан Премьер-лигасында 75 немесе одан да көп гол соққан 26-шы футболшы атанып, ел чемпионаттарының тарихындағы ТОП-30 үздік сұрмергендер қатарына енді.

Жалпы, Қазақстан Премьер-лигасында 147 матч өткізіп, 75 голдың авторы болды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан