10.03.2025
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирдің 1/8 финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты.
Ол ұлыбританиялық Кэти Бултерді 6:0, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Елена бұдан бұрын нидерландтық Сюзан Ламенсті 6:3, 6:3 есебімен жеңген еді.
Ол енді Клара Таусон - Мирра Андреева жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан