Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.03.2025

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі қандай?

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі қандай?

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

ҚР Туризм және спорт министрлігі қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісін жариялады.

Дзюдо: Аустрияның Линц қаласында мәресіне жеткен әлемдік Гран-при кезеңінде Әбиба Әбужақынова (48 кг) топ жарды. Ол финалда 19 жастағы жапон дзюдошысы Сачио Йошиноны жеңді. 

Пара шаңғы: Норвегияның Тронхейм қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды. 

Шахмат: Отандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде қола жүлдегер атанды. 

Спорттық гимнастика: Әзербайжан астанасы Бакудегі Әлем кубогі кезеңінде Дмитрий Патанин мен Милад Карими күміс жүлдеге қол жеткізсе, Зейнолла Ыдрысов қола медаль еншіледі. 

Слаломды ескек есу: Таиландтың Паттайя қаласындағы THAILAND OPEN халықаралық рейтингтік турнирінде біздің спортшылар бір алтын, екі қола жүлдеге ие болды. 

Футзал: Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу турниріндегі кезекті ойынында Албанияны 4:2 есебімен жеңді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан