12 минут бұрын
Португалия мен ДР Конго арасындағы матч тең есеппен аяқталды
Фото:Gettysport
Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде К тобында Криштиану Роналду бастаған Португалияға құрамасы ДР Конго арасындағы матч өтіп жатыр.
Матчтың небәрі 6-минутында Португалия сапынан Жоао Невеш қарсыластың шабуыл шебін бұзып, өтіп есеп ашты. Бұл Жоао Невештің ұлттық құрама сапында соққан төртінші голы.
Алайда бірінші таймның аяқталар тұсында ДР Конго тарапы таразы басын теңестірді. Бұрыштамадан көтерілген допты сәтті пайдаланған Висса баспен дәл соққы жасады.
Осылайша алғашқы тайм тең нәтижемен аяқталды.
Ал екінші таймда қос құрамада белсенділік танытқанымен бір-бірінің осал тұсын таба алмады.
Нәтижеcінде Португалия ДР Конго 1:1 есебімен тең тарқасты.
Бұл ойынның қорытындысы К тобындағы бәсекені одан әрі күшейтті. Келесі кездесулерде Португалия мен Конго ДР плей-оффқа шығу мүмкіндігін арттыратын шешуші ұпайлар үшін сынға түседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан