14 сағат бұрын
«Хромтау» футбол клубы Бірінші лигаға жолдама алды
Фото: hromtaugazeti.kz
2025 жылы ғана құрылған «Хромтау» футбол клубы алғашқы маусымында үлкен сенсация жасап, бірінші лигаға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ақтөбелік жас бапкер Ақниет Сахман жетекшілік ететін команда Екінші лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясын жеңіп, мерзімінен бұрын Бірінші лигаға шықты.
Айта кету керек, команданың басым бөлігі – «Ақтөбенің» жастар академиясының түлектері. Бұл нәтиже – Хромтау ауданында футболдың қарқынды дамып келе жатқанының дәлелі.
Келесі жылы Бірінші лигада жанкүйерлерді қызықты облыстық дерби күтіп тұр, Ақтөбе облысында «Хромтау» мен «Ақтөбе» жастары өзара жекпе-жек өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz