3 сағат бұрын
Англияда Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы ойыны сынға алынды
Британдық Burnley Express басылымы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың Чемпионшип аясында «Линкольн Ситиге» қарсы өткен кездесуіне баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Бернли» сырт алаңда қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Сәтбаев алаңға негізгі құрамда шығып, 59-минутта ауыстырылды. Журналист Мэтт Скрафтон қазақстандық футболшының ойынына 10 балдың ішінен 4 ұпай берді.
«Қысқа бұрыштаманы айламен орындауға қатысқанын есептемегенде, оның алаңдағы әрекеттері есімде жоқ. Бұл – әзірге Сәтбаевтың „Бернли“ сапындағы ең нашар ойыны», – деп жазды автор.
Сонымен қатар журналист бас бапкер Ники Хайеннің Сәтбаевты қорғаушы Оливер Соннемен алмастыру туралы шешімін сынға алды. Оның пікірінше, мұндай ауысымның мәні болмаған.
Айта кетейік, Дастан Сәтбаев «Бернли» сапында Лондонның «Челси» клубынан жалға алынған ойыншы ретінде өнер көрсетеді. «Линкольн Ситиден» жеңілгеннен кейін «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен қызметінен босатылды.
Біздің серіктес: Sport12kz