17 сағат бұрын
Дастан Сатпаев Қазақстан құрамасының биылғы ресми матчтарға қатыспайды
Англияның «Бёрнли» клубында ойнайтын Дастан Сатпаев Қазақстан ұлттық құрамасының қараша айындағы ойындарына қатыспайды. Осылайша, шабуылшы биыл Ұлттар лигасындағы ойындарда алаңға шықпайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Схип Молдова және Словакиямен өтетін матчтарға 27 футболшыны шақырды. Алайда 18 жастағы Сатпаевтың есімі соңғы тізімге енбеді.
Шабуылшы биыл Қазақстан құрамасы сапында Армения және Венгриямен өткен екі жолдастық кездесуге ғана қатысты. Ал қыркүйек айында «Бёрнли» сапында ойнап жүріп, жамбасынан жарақат алған ол Ұлттар лигасының алғашқы матчтарын да өткізіп алған еді.
Қазақстан құрамасы 13 қарашада Кишиневте Молдовамен кездессе, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.
Біздің серіктес: Sport12kz