9 сағат бұрын
«Ордабасының» үш ойыншысы Павлодарда ойнамайды
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
«Ордабасының» үш ойыншысы ҚПЛ-дың 30-турындағы қорытынды матчында «Ертіске» қарсы алаңға шықпайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
36 жастағы қорғаушы Сергей Малый «Жеңіске» қарсы матчтан кейін екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
Сондай-ақ «Жеңіске» қарсы ойында екі ескерту алып, 19 жастағы жартылай қорғаушы Жасұлан Әмір де алаңнан қуылған болатын.
Команда көшбасшыларының бірі, 28 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Давид Сандан Абагна «Жеңіске» қарсы матчта маусымдағы төртінші сары қағазын алды.
Сергей Малый биыл 26 матч өткізіп, 5 гол соқты және 23 кездесуде капитандық таңғышпен шықты.
Жасұлан Әмір 28 матчта 8 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
Давид Сандан Абагнаның еншісінде 24 матч, 3 гол және 4 ассист бар.
Еске салсақ, ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 30-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.
Біздің серіктес: Sport12kz