9 сағат бұрын
«Шахтер» алдағы маусымға құрамын жасақтап жатыр
Фото: Шахтер» футбол клубы
Қарағандылықтар қазірдің өзінде үш футболшымен келісімге келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Елисей Горшунов – биылғы маусымда «Алтай» сапында КПЛ-да 27 матч өткізіп, 5 нәтижелі пас берді. Кубокта: 4 матч, 2 гол және 1 ассист
Владислав Васильев – «Оқжетпес» сапында керемет маусым өткізді: КПЛ-да 29 матч, 4 гол және 8 ассист. Қазіргі таңда ол лиганың үздік 3 ассистентінің және ең нәтижелі 10 ойыншысының қатарында.
Неманья Анджелкович – қазақстандық жанкүйерлерге 2025 жылы «Ақтөбе» сапындағы ойынымен жақсы таныс. Өткен маусымды қытайлық «Циндао Хайню» клубында өткізді.
Біздің ақпарат бойынша, қарағандылықтар 2026 жылдың желтоқсан айында Түркияда өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанады.
Еске салсақ, «Жетісудың» легионерлері соңғы турда алаңға шықпауы мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz