9 сағат бұрын
«Тараз» футболшылардың жалақысына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: «Тараз» футбол клубы
Биыл футболдан Бірінші лигада ойын көрсеткен «Тараз» командасы футболшылардың жалақысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Әлеуметтік желілерде футболшылардың жалақысы мен клубтың қаржылық міндеттемесіне қатысты тараған жарияланымдарға байланысты мәлімдейміз: келісімшарттардың жекелеген үзінділері нақты төлемдер мен қаржыландыру көздері туралы толық ақпарат бермейді. Клуб міндеттемелерін бағалау кезінде бюджет және демеушілік қаражатты ажыратып, тексерілген деректерге сүйену қажет, - деп жазылған хабарламада.
Команда БАҚ өкілдері мен ақпараттық парақшалардың әкімшілерін ақпараттың дұрыстығын тексеруге, дербес деректер мен құпия мәліметтерді қорғау талаптарын сақтауға және түсініктеме алу үшін клубқа жүгінуге шақырды.
- Клубтың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратылған немесе құпия мәліметтер заңсыз жарияланған жағдайда, өз құқықтарымыз бен заңды мүдделерімізді қорғау үшін заң аясында шаралар қабылдауға мәжбүр болатынымызды ескертеміз, - деп толықтырды хабарламада.
Біздің серіктес: Sport12kz